Құрметті Жамбыл облысы және Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Жамбыл облысының ТЖ департаменті екпіні күшті жел кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыстың жалпы шараларын білуге және орындауға кеңес береді.
Үйде немесе пәтерде болғанда:
— барлық есік, терезелерді жабыңыз, олардың жабылу сенімділігін тексеріңіз;
— электр қуатын, газды өшіріп, су құбырын жабыңыз;
— қуатты желден қауіпсіз жерлер – терезелерден алыс жерлер: дәретхана, дәліздер, кіріктірілген шкафтар;
— лифтті пайдаланбаңыз.
Егер екпіні күшті желге сіз сырттатап болсаңыз:
— жедел түрде кіреберісті немесе берік ғимаратты паналаңыз;
— үйлердің қабырғаларына жақын жерде, қоғамдық көлік аялдамаларында, билбордтардың жанында, талдардың астында, құрылысы аяқталмаған ғимараттардың жанында қалқалап жасырынуға болмайды;
— үзілген сымдарға, тербелетін белгілерге және т.б. жақындамаңыз;
— шіріген және ескі, әсіресе жалғыз тұрған ағаштардан аулақ болыңыздар.
Сақ болыңыздар және дендеріңіздің саулығын бағалаңыздар!