«ТІЛ КЕРУЕНІ» ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА

Бүгін, облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен аудандар арасындағы этнос өкілдерінің қатысуымен өткізіліп жатқан «Бір – Отан, бір – тіл, тәуелсіз ел» тақырыбындағы тіл керуені Жуалы ауданында жалғасын тапты.
Тіл керуеніне Б.Момышұлы ауылы мен Жетітөбе, Мыңбұлақ, Шақпақ ауылдық округтерінің этнос өкілдері қатыстырылды.
Кездесуде аудандық білім бөлімінің әдіскері Ефремова Валентина, Ш.Мұртаза атындағы №1 мектеп — гимназиясының ұстаздары Мамедова Земфира, Аллахвердиева Самира, Ставских Анатолий, №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің мұғалімі Имадаев Имран, №4 Қ.Сағындықов атындағы орта мектебінің ұстаздары Сулейманов Сулейман, Саядов Инсар,№13 А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінің ұстаздары Петухова Екатерина, Кононенко Оксана, №6 А.Пушкин атындағы орта мектебінің ұстазы Тишина Валентина, Шақпақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Талыбова Рамиля мемлекеттік тілді жетік меңгергендіктерін мақтанышпен жеткізіп, жұмыс барысында шәкірттеріне қазақ тілін тез меңгерту тәсілдерімен бөлісті, қазақ тілін дамыту бойынша атқарып жүрген тәжірибелерін әңгімеледі. №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің оқушысы Магомадова Тамила Б.Момышұлының туындысын мәнерлеп жатқа орындады.
Comments (0)
Add Comment