— Капитан Аман Амангелді — экипаж командирінің көмекшісі. Тәжірибелі ұшқыш, қиын метеожағдайларда бірнеше рет ұшқан. ЕС-145 тікұшағымен жалпы ұшу уақыты – 295 сағат.
— Майор Нұржігіт Үйсінбаев — экипаж командирі, армиялық авиация бойынша эскадрилья командирінің орынбасары. 1-сыныпты ұшқыш, жалпы ұшу уақыты – 930 сағат.
— Капитан Бахтияр Ержігітов — 1-сыныпты маман. Ұзақ жылдар бойы авиация бөлімдерінде қызмет еткен. Жалпы ұшу уақыты – 300 сағат.
9 тамызда 14 метр тереңдіктен Нұржігіт Үсенбаевтың денесі табылған. Бір күннен кейін, 10 тамызда Бақтияр Ержігітовтің денесі де су қоймасынан табылған.
Қазір тікұшақтың қалдықтарын іздеу жалғасып жатыр. Апат себебі әлі анықталмаған.