Тез таралатын жұқпалы аурудан сақтану

Көкжөтел— бордетелла деп аталатын бактериялардың тыныс алу жолдарына енуінен дамитын, тез таралатын жұқпалы ауру. Көбінесе 7 жасқа дейінгі балалар көп ауырады.

⠀Негізгі белгілері:

— тәбеттің нашарлауы, әлсіздік

— тері құрғайды

— булығып жөтелу

— лоқсу

— мұрын-ауыз айналасы көгереді

— тырысу

— тыныс алуының бұзылуы

— қалшылдау. Сонымен қатар егер бала кішкентай болса, қатты жөтелгеннен кіндік грыжасы немесе шап грыжасы шығып кетуі мүмкін.

⠀БАЛАЛАРДА:

— бронх қабынуы

— көмейдің қабынуы

— пневмоторакс (өкпе қабырғаларының зақымдануы)

— құлақтың қабынуы жиі кездеседі.

Көкжөтелдің алдын алу. Бүгінгі таңда көкжөтелмен алдын алудың жалғыз және тиімді шарасы-міндетті вакцинация күнтізбесіне енгізілген иммундау болып табылады. Ол бала өмірінің бірінші жылында жасалады. Сондықтан ата-аналар үшін балаларын иммундау орынды шешім болып қала береді. Вакцинация аурудың белгілері жоқ (суық тию, дене қызуының көтерілуі), дені сау балаларға ғана жасалады. Вакцинация жоспарлы түрде Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, 2 айда→ 3 ай → 4 ай→ 18 айда жүргізіледі. АбКДС (күл, сіреспе, көкжөтел (жасушасыз), В гепатиті, полиомиелит (белсенділігі жойылған) және b типті гемофильді инфекцияларға қарсы конъюгацияланған) вакцинасы қолданылады.

Артықбаев Сәкен Сарсенұлы Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Comments (0)
Add Comment