Экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің бірден-бір жолы — олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру. Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі өте жоғары. Әйтсе де, жасөспірім балалар үшін ақпарат құралдарының беретін мәліметі де жеткілікті емес. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет. Ол үшін барлық мектептерде мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолын көрсетіп отыру керек. Аталмыш кездесулерді Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» дінтанушысы, гуманитарлық ғылымның магистрі, Дін саласындағы республикалық ақпараттық топтың мүшесі — Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы жүргізді.