25 маусым күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Орал қаласында радикалды діни топ мүшелерін ұстады.
«Арнайы операция жүргізу барысында 8 топ мүшесі ұсталды, атыс қаруы, оқ-дәрілер және діни материалдар алынды.
Көрсетілген адамдар Қазақстан аумағында бірқатар террористік актілер жасауға дайындалған, терроризмді насихаттаған, сондай-ақ мүліктік қылмыстар жасаған деп күдіктелуде.
Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», — делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.