ТЕРІС ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫНДА АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

“Таза табиғат” акциясы аясында Теріс өзенінің бойында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді.
Аталған шараға 100-ге жуық адам қатысып, өзен жағалауын қоқыстан тазарту, айналаны ретке келтіру жұмыстарын бірлесе атқарды. Тұрғындар, жастар, еріктілер мен мекеме қызметкерлері белсенділік танытып, табиғатты қорғауға деген жауапкершіліктің жоғары екенін көрсетті.
Тазалық жұмыстары барысында өзен жағасы күл-қоқыстан арылып, табиғи келбеті қайта жандана түсті. Бұл шара – тек сенбілік емес, қоршаған ортаны аялауға шақыратын маңызды қадам болды.
Теріс өзені – өңірдің табиғи байлығы. Оны таза сақтау – баршаға ортақ міндет. Осындай бастамалар арқылы тұрғындар арасында экологиялық мәдениет қалыптасып, туған жерге деген жанашырлық арта түсуде.
Тазалық – ортақ іс, табиғатты қорғау – әр азаматтың парызы!
Comments (0)
Add Comment