Теологиялық оңалту жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты РММ-25 мекемесінде діни өкілдермен кездесу өткізілді. Мекеменің Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыс бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторлары – әділет капитаны Ж.Жақсыбекұлы және әділет аға лейтенанты Ғ.Қалмаханбетовтің ұйымдастыруымен психолог маманмен кездесу өтті. Кездесуде Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істер басқармасы Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы Джумекеева Кенжегул Сейтханқызы, психолог-дінтанушы Раздыкова Гүлназ Максутовна, ДПЗО теологы Сейтхази Мұстафа Айдарханұлы мекемедегі жазасын өтеушілерге психологиялық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар сабақ барысында діни алауыздықтың шығу себептері және радикалды діни көзқарастың көріністерін анық айтып өтті.

Comments (0)
Add Comment