Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші азаматтармен кездесу өтті. Жиында «Ақниет» қоғамдық және оңалту орталығының инспектор теологы Құлтаев Сержан «Рамазан айы және ораза ұстау» тақырыбында түсіндерме жұмыстарын жүргізді.
Ол өз сөзінде: «Ораза – ең алдымен жүректің амалы. Рамазан – жүректі тазартуға, ниетті түзетуге, нәпсіні тәрбиелеуге және тақуалыққа жетуге мүмкіндік берілген қасиетті ай. Оразаның шынайы рухын түсінген адам ас пен судан тыйылуды басты мақсат етпейді. Ауыз бекітудегі негізгі мақсат – жүректі Аллаға жақындатып, ой мен жүректі түрлі дерттен тазалау, ішкі жан дүниені көркем мінезбен безендіру», – деді.
Кездесу соңында жазасын өтеушілер өз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Жалпы, мұндай кездесулер мекеменің оқшауланған аймағында ұсталынатын сотталғандары арасында жиі ұйымдастырылады.
Кездесулер аясында бөтен идеологияның ықпалындағы сотталғандар экстремистік және террористік идеялардың әлеуметтік қауіптілігін түсініп, дәстүрлі діни ілімдерді игеруге бет бұрады.