Теннисші Анна Данилина “Ролан Гаррос” турнирінің жартылай финалына шықты

olympic.kz
https://turkystan.kz/article/261806-tennissi-anna-danilina-rolan-garros-turnirinin-zartylai-finalyna-syqty

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Францияның Париж қаласында өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Енді ол финалға шығу үшін бақ сынайды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Данилина жұптық сайыста сәтті өнер көрсетуде. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге Франция ашық чемпионатының ширек финалында бірінші нөмірлі жұп — чехиялық Катержина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендті 7:5, 4:6, 6:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Анна мен Александра Норвегия өкілі Ульрикке Эйкери және жапониялық Эри Ходзумимен кездеседі.

Comments (0)
Add Comment