Таразда телефонды түзеу мекемесіне сәлемдеменің арасына жасырып кіргізбек болғандар анықталды. Заңға қайшы оқиға өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесінде орын алған. Мекеменің ішкі тәртібін бұзған әрекет сотталған азаматтарға келген сәлем-сауқатты тексеру кезінде әшкереленген.
Бұл күні мекеменің қызметкерлерлі әдеттегідей қырағылық танытып, сәлемдемені сылтауратып тәртіпті бұзғандардың жолын кесті. Ал мұндағы сотталған азаматтың біріне келген сәлем-сауқаттың арасындағы донердің ішінен 1 дана сенсорлы ұялы телефон,1 қуаттағыш 1 құлаққап және 3 дана SIM-карта табылып, тәркіленген.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тиісті тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, заңды бұзғандарды жауапқа тарту мақсатында материалдарды Тараз қаласының әкімшілік сотына жолдау шаралары қолға алынған.