ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті ең сұранысқа ие бағыттардың рейтингін жасады. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау жоспарлануда, оның ішінде кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың студент.
• ақпараттық технологиялар;
• құрылыс және коммуналдық шаруашылық;
• геология;
• тау-кен өнеркәсібі;
• энергетика;
• металлургия және машина жасау;
• көлік;
• байланыс;
• педагогика;
• медицина және т.б.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын студенттер әлеуметтік қолдаумен қамтылады. Ол стипендия, тамақ және жолақысы.