«Тегін такси» қайырымдылық акциясы өткізілді

Жастардың бастамасымен қала тұрғындарын межелі жеріне тегін жеткізіп салды.

Жамбыл облысы әкімдігінің  жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен 1-наурыз  Алғыс айту күніне орай ҚР  Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  «30 игі іс» аясында «Тегін такси» қайырымдылық  акциясы өткізілді.

Акцияның басты мақсаты — жасы үлкен қарт  кісілерді, көп балалы аналарды  және мүмкіндігі шектеулі адамдарды үйлері мен айтқан жерлеріне дейін жеткізу болып табылады. Жобаға волонтер жастар мен көлік жүргізушілері қатысты. Жастар қала тұрғындары мен қариялардың ақ тілектерін, баталарын алды. Аталған акция алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Бұл бастама қаламызда ғана емес сонымен қатар аудандық орталықтардың да ұйымдастыруымен өз жалғасын табуда. Жобаны алғаш болып Шу ауданының жастары қолға алды. Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і ұйытқы болуымен Шу қаласы, Алға ауылы, Ақтөбе ауылы мен Мойынқұм ауылдарында тегін такси қызметі ұйымдастырылды.

Аталған шарада барлығы 20 көлік 160 жуық жолаушыны Алға-Шу, Ақтөбе-Шу, Мойынқұм-Шу бағыты бойынша тегін тасымалданды.  Көпшіліктің көңілінен шыққан шара қазіргі қоғамға қажетті үндеу екені сөзсіз. Жомарттық қанында бар халқымыздың қайырымдылық жасап, жанашырлық танытуға талпынса, тұрмысы төмен отбасылар мен жасы егде қарттардың қамкөңіліне демеу болары ақиқат.

Алдағы уақытта  игілікке шақырып, жан жылуымен бөлісетін мұндай шаралар қалада және ауданда тұрақты түрде ұйымдастырылып тұратын болады.

Comments (0)
Add Comment