Тараз қаласы әкімдігінің бастамасымен коронавирустың алдын алу мақсатында 4000 мыңға жуық медициналық бетперделер (бірнеше рет қолдануға арналған) дайындалуда.
Аталған бетперделер көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға таратылатын болады.
Бетперделерді қаладағы тігін шеберханалардың иелері мен тігінші қыз-келіншектер ақысыз түрде дайындауда. Оларға Жуалы ауданының азаматшалары да қол ұшын созып жатыр.