Дегенмен CNN америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап 5 сағаттан астам уақытқа созылған Иранның Израильге жасаған шабуылы тоқтағанын мәлімдеді.
Сондай-ақ АҚШ президенті Джо Байден Израиль премьер-министрі Биньями́н Нетаньяхуға АҚШ Иранға қарсы ешқандай шабуыл операцияларына қатыспайтынын айтты, деп хабарлайды CNN.
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш аймақ та, бүкіл әлем де тағы бір соғысты көтере алмайды дейді.
Израиль БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын сұрады және одақтастармен келісілген Иранға жаңа соққылар жасалатынын мәлімдеді, деп жазады New York Times.
Израиль Иранның әрекеттеріне жауап берген жағдайда, Тегеранның келесі реакциясы екі есе болады, деп хабарлайды Иран агенттігі Tasnim.
Иран-Израиль қақтығысына Израильдің Сириядағы Иран елшілігіне жасаған зымыран соққылары себеп болды. Елшілік ғимараты қирап, ондағы бірнеше мәртебелі адамдар қаза тапқан болатын.
https://stan.kz/news-398467/