Тәжікстанда бір тәулік ішінде төртінші рет жер сілкінді

Бүгін, 13 сәуір күні Тәжікстанда бір тәулік ішінде төртінші жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлім етті.

Кешкі сағат 19:34-те Рашт ауданының орталығынан солтүстік-шығысқа қарай 24 шақырым жерде магнитудасы 5 балл болатын жер сілкінісі тіркелді.

Сол күні бұған дейін тағы үш сейсмикалық дүмпу байқалды:

4,2 баллдық жер сілкінісі – 10:06,

4,7 баллдық жер сілкінісі – 12:14,

5,9 баллдық алғашқы дүмпу – 4:21, 10 км тереңдікте.

Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің дағдарысты басқару орталығының мәліметінше, ең күшті жер сілкінісі кезінде 17 тұрғын үй ішінара қираған. Зардап шеккендер жоқ.

BAQ.KZ.

Comments (0)
Add Comment