Тазалық жұмыстары жалғасуда

Тараз қаласында санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда.
«Жасыл Ел – Тараз» мекемесінің күшімен күн сайын қалалық ортаны ретке келтіруге бағытталған кешенді шаралар атқарылуда.
Мекеме қызметкерлері көшелерді, тротуарларды, саябақтар мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, урналарды ретке келтіріп, қалдықтарды шығарады. Сонымен қатар, жасыл аймақтарға ерекше көңіл бөлінуде: ағаштар бұталып, қураған бұталар жиналып, маусымдық гүлдер отырғызылуда. Бұл өз кезегінде шаһардың көркін айтарлықтай жақсартуда.
Бұдан бөлек, арық жүйелерін тазарту жұмыстары қатар жүргізілуде.
Айта кетейік, аталған жұмыстар облыс орталығының барлық аудандарын қамтып, жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.
Тараз қаласының әкімдігі
Comments (0)
Add Comment