ТАЗАЛЫҚ — ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАҒАН ЖЕРДЕ

«Тазалық – жинаған жерде емес, сақтаған жерде» деген де сөз бар. Осы орайда, қаламыздың тазалығын сақтауда қалтқысыз қызмет етіп жатқан Жаңатас қаласы әкімі аппаратының ақылы қоғамдық жұмысшыларының жұмысы​ таңғы 8:00 ден басталады. Қала әкімі аппаратына күнделікті жиналып өздерінің бөлінген аймақтарына тазалыққа кіріседі.
Бүгінде көшелерде қоқыс жәшіктері жеткілікті орнатылған. Кейбір тұрғындар тұрмыстық қалдықтарды тастау үшін кішкентай балаларын жұмсап жатады. Ал кішкентай балалары қоқыс алаңшасындағы контейнердің ішіне жеткізбей, тіпті подъезд ішіне тастап кетеді. Қоқыстар белгіленген орынға тасталса таза болары анық.
Жаңатас қаласындағы қоқыс контейнерлерінің қасына арнайы сары түске боялған жәшіктер 20 жерге қойылған. Ол жәшіктер тамақ пен нан қалдықтарына арналған. Қазір пластикалық бөтелкелер бөлек жиналып жатыр. Қала бойынша 25 жерге арнайы пластикалық бөтелке жинау үшін арнайы жәшік орнатылған.
Қоқыс-қалдықтары бұл адам денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін қазіргі уақыттағы басты мәселелердің бірі.
Тазалық табалдырықтан басталады, демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау — әрбір азаматтың басты міндеті.
Осыған орай қаламызды таза ұстауға бәріміз бірге атсалысайық.
Жаңатас қаласы әкімінің аппараты
Comments (0)
Add Comment