Тазалық – тәртіп негізі: №59 мекемеде сенбілік өткізілді

2025 жылғы 9 тамызда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесінде жалпыұлттық сенбілік шеңберінде санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға мекеме қызметкерлері мен әкімшілік құрамы белсене атсалысты. Сенбілік барысында мекеме аумағы қоқыстан тазартылып, ағаштар әктеліп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, ғимараттың айналасын абаттандыру, гүлзарларды күтіп-баптау сынды жұмыстар да атқарылды.

Сенбіліктің негізгі мақсаты – еңбек мәдениетін қалыптастыру, ұжымдық рухты нығайту және мекеме аумағында санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті алдағы уақытта да мұндай экологиялық және тәртіптік іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

 

Comments (0)
Add Comment