«Тазалық — денсаулық кепілі»

02-шілде 2025 жылы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №58 Түзеу мекемесінде медицина бөлімі мен тәрбие бөлімі бірлесе жазасын өтеп отырған сотталғандар арасында, яғни жасақтарда тазалықтың маңыздылығы туралы тәрбие сағаты ұйымдастырып, дәріс өткізілді және жасақтардың тазалығы тексеріліп, сотталғандардың жатын бөлмелеріне тазалық жұмыстары жүргізілді.
Барлығымыз деніміз сау болып, ұзақ өмір сүргіміз келеді. Тазалық – денсаулығымыздың кепілі. Тазалық бар жерде әрқашанда жақсы өмір қатар жүреді. Денсаулығымыз мықты болы үшін спортпен айналысып, әркезде де таза жүрсек болғаны.

Адам өмірінде тазалықтың алар орны маңызды. Жаны таза адамның өмірге деген көзқарасы жарқын, ерекше болады. Тазалық әркезде де біздің жанымыздағы сенімді серігіміз болуы шарт.

Comments (0)
Add Comment