«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Таза Тараз» атты жастармен кездесу өтті

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы белсенді жалғасуда. 2025 жылғы 25 желтоқсанда Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінде «Таза Тараз» тақырыбында жастармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара барысында акцияның маңызы туралы айтылды.

«Таза Қазақстан» бастамасы қоғамды қоршаған ортаны аялауға бағыттайтын маңызды қадамдардың бірі. Бұл акция арқылы адамдар табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, экологиялық тәртіпке бейімделе бастайды. Шара тұрғындарды белсенділікке шақырып, әр адамды өз айналасының тазалығына жауапкершілікпен қарауға үндейді. Мұндай бастамалар экологиялық сананы күшейтіп, болашақ ұрпаққа таза әрі жайлы орта қалдыруға мүмкіндік береді. «Таза Қазақстан» – ел азаматтарын бірлікке тәрбиелейтін, табиғатты қорғауға жол ашатын қозғалыс», – деді белсенді жас А. Нарегеев.

Осындай бағыттағы іс-шаралар облыс бойынша да өткізілді.

Атап айтқанда, Байзақ ауданының жастары «Біздің өлке» атты акция ұйымдастырса, Талас ауданында «Таза Қазақстан – сау жастар» атты экологиялық шара өтті. Т. Рысқұлов және Шу аудандарының жастары санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.

Жамбыл облысында тұрғындардың тазалық жөнінде жергілікті атқарушы органдарға «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі арқылы телеграмм-ботпен өтінім беруге мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері платформа арқылы 827 өтінім  түскен. Телеграмм-ботқа түскен өтінімдердің басым көпшілігі аумақтарды күл-қоқыстан тазалауға, көшелерге асфальт төсеу, жолдарды тазалауға қатысты болды.

Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясына 127,2 мың адам және 3,4 мың кәсіпорындар мен мекемелер қатысты. Іс-шара аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіштер, 127,8 мың шаршы метр  тұрғын үй аулалары, 3,1 шақырым көше жолдары, 858,8 шақырым арық жүйелері мен каналдар және 81,6 мың шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумақтарын тазалау, 19,2 мың  тонна күл-қоқыс шығару жұмыстары жүргізілді.

Comments (0)
Add Comment