«Таза Қазақстан»: Таразда экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары күшейтілді

Тараз қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында абаттандыру қағидаларын бұзудың алдын алуға және тұрғындар мен кәсіпкерлердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық рейдтер тұрақты түрде өткізілуде.
Кезекті профилактикалық іс-шара «Ауыл Береке» базарының аумағында үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерінің қатысуымен өтті. Рейд барысында кәсіпкерлер мен тұрғындарға абаттандыру талаптары түсіндіріліп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.
Comments (0)
Add Comment