Таза Қазақстан республикалық акциясы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапырмасымен бастау алған “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы Тараз қаласында қарқынды жалғасуда.
Ауқымды акцияның “Жасыл аймақ” апталығы аясында бүгін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков еңбек ардагерлері, жас отбасылар, қала тұрғындары және ерікті жастармен бірге “Көлтоған” алқабындағы аллеяға 100 дана қарағаш ағашын отырғызды.
– Тұрғындардың сұранысымен бұл алқапта жаңа аллея бой көтеріп, онда 2000 ағаш егу жоспарлануда. Бүгінгі шара – соның бастамасы. Алдағы уақытта алқапты көгалдандыру бойынша жүйелі жұмыстар қолға алынады, – деген шаһар басшысы тұрғындарды акцияға белсене атсалысып, қала тазалығына үлес қосуға үндеді.

Тараз қаласының әкімдігі

 

Comments (0)
Add Comment