«Таза Қазақстан»: «AMANAT» партиясы «Бірлік ағашы» экологиялық акциясын өткізді

«AMANAT» партиясы
https://turkystan.kz/article/259745-taza-qazaqstan-amanat-partiiasy-birlik-agasy-ekologiialyq-akciiasyn-otkizdi

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық бастамасы аясында ауқымды «Бірлік ағашы» экологиялық акциясын ұйымдастырды. Еліміздің барлық өңірін қамтыған тазалық іс-шарасы он мыңдаған азаматтың бысын қосты. Каспий теңізінің жағалауынан бастап, Іле Алатауының шатқалдарына дейін көше мен аула, тарихи ескерткіштер мен табиғи аумақтар тазаланды.

Акцияға еліміздегі партия белсенділері мен жақтастары, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, мәслихат депутаттары, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері және табиғатқа бейжай қарамайтын азаматтар қатысты.

Астанада партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек «Жастар Рухының» мүшелерімен бірге Бейбарыс Сұлтан көшесінің бойына ағашекті. Ол аталған іс-шараның Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылуының мәні мен маңызына тоқталды.

«Партиямыз Мемлекет басшысыбастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жобасына алғашқы күннен бастап белсенді атсалысып келеді. «AMANAT» партиясының мұрындық болуыменеліміздің барлық өңірінде өткізілетін «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы бір жарым жылданастам уақыттан бері үздіксіз жалғасын табуда. Биыл бұл игі іс-шара Қазақстан халқының бірлігікүнімен және Ассамблеяның 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. «Бірлік ағашы» арқылы бізортақ еңбектің, азаматтық ұстаным мен ынтымақтың үлгісін көрсетеміз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтып өткендей, «Таза Қазақстан» – бұл тек экологиялық науқан емес, бұл – өмір салты. Тазалық тек қана айналамызда емес, ойымыз бен санамызда да болуы қажет», – деді ол.


Ақтаудағы Каспий теңізінің жағалауында өткентазалық акциясына 100-ге жуық адам қатысты. 14-шағынаудан жағалауындағы қоқыстар жиналып, жазғы маусымға дайындық жүргізілді.

Алматы қаласында тазалық жұмысы Бутаков шатқалында өтті. Таң біліне қолдарына қолғап пен қап ұстап шыққан партияластар, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері және экологтар, яғнибас-аяғы 50-ден астам белсенді табиғатты қоқыстантазартты.

Петропавл қаласында тазалық жұмысы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш маңында өтті. Ескі қалалық зираттағы мемориалдың айналасы ретке келтіріліп, тазартылды. Сонымен қатар ескерткіш қайтабоялып, тарихи орын қайта қалпына келтірілді. Бұл– ұрпақтар сабақтастығы мен бірліктің жарқынкөрінісі.

Шымкент қаласында да ауқымды тазалық жұмысы қолға алынды. Абай атындағы саябақта орналасқан Даңқ мемориалында «Жастар Рухының» мүшелері батырларға тағзым етіп, патриоттық тәрбие мен экологиялық мәдениет үндестігінің маңызын атап өтті. Айта кетейік, бұлжер Жеңістің 80 жылдығын атап өтетін негізгі орындардың біріне айналмақ.

Жалпы, «Таза Қазақстан» бастамасы қолға алынғаннан бері игі іске 4 миллионнан астам адамқатысты. Осылайша, 1,5 миллион тоннадан астамқоқыс жиналып, 3,3 миллионнан астам ағаш егілді. Ал «Таза бейсенбі» акциясы аясында ел аумағында 1 000-нан астам ластанған аумақ тазартылып, 70 мыңнан астам азаматтың қатысуымен 120 мыңтонна қоқыс жиналды.

Осындай игі бастамалар – ел бірлігінің, азаматтық белсенділік пен ортақ жауапкершіліктің жарқын үлгісі.

Comments (0)
Add Comment