Тайландтағы катер апатында қазақстандықтар болған ба? – СІМ мәлімдеді

Тайландтағы катер апатынан Қазақстанның 3 азаматы зардап шекті. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді деп жазды turkystan.kz.

«Тайландтағы Қазақстан консулының ақпаратына сәйкес, катердегі жолаушылардың арасында Қазақстанның 4 азаматы болған. Олардың үшеуі медициналық көмекті қажет етті. Дәрігерлер қарағаннан кейін екі отандасымыз ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты, өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ.

Барлық медициналық шығынды катерге иелік ететін тай компаниясы мойнына алып отыр.

Консулымыз зардап шеккен азаматтармен де, жергілікті билікпен де үнемі байланыста», – деді ресми өкіл.

https://turkystan.kz/article/223322-taylandtagy-kater-apatynda-kazakstandyktar-bolgan-ba-sim-melimdedi/

Comments (0)
Add Comment