Таиландта қатты жауын салдарынан су тасқыны болып, 70 мыңнан астам адам жапа шекті.
Жексенбі күні Bangkok Post газеті табиғи апат елдің солтүстік-шығыстағы 9 провинциясын қамтығанын жазды. Олардың қатарында Накхонпханом, Мукдахан, Амнат Чароен, Убон Ратчатхани, Бунгкан, Сакон Накхон, Рой Ет, Каласин және Ясотхон провинциялары бар.
Басылымда жарияланғандай, бәрінен де Накхонпханом елді мекені қатты зардап шеккен. Ондағы су Меконг өзенінің жағасынан шығып кетіп, 12 ауданға жайылған. Салдарынан 12,2 мың үй-шаруа қожалықтарына залал келіп, 26,8 мың адам зардап шеккен. Сондай-ақ, 28,7 мың га жерді су басқан.
Көршілес Мухдахан провинциясында 11,4 мың ферма (4,5 мың га) су астында қалып, 38,3 мың адам зардап шекті. Убон Ратчатханида 4,1 мың адам мен 773 га жер су тасқынына тап болған, ал Амнат Чароен провинциясында табиғи апаттан 1,9 мың адам жапа шегіп, 887 га жерге залал келді.