Тәуелсіздік күніне орай шахмат турнирі өтті

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемеде сотталғандар арасында шахматтан турнир өтті. Спорттық шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды.

Мекеме жасақтарынан сотталғандар қатысқан турнирде жазасын өтеушілер жоғары нәтиже көрсетіп, ой ұшқырлығын танытты.

Ақыл-ой аламанына қатысқан сотталғандар ойын тақтасы басында ойлау қабілеттері мен стратегиялық біліктерін сынға салды. Қызу да тартысты өткен жарыс барысында олар әдемі ойын өрнегін көрсетіп, бір-бірінен кем түспейтіндерін анық аңғартты. Десе де, «ойын тақтасындағы соғыс» барысында шын мықтылар іріктеліп шықты.

Өткізілген турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған сотталғандар мекеме бастығының грамоталарымен марапатталды.

Comments (0)
Add Comment