Тәуелсіздік… Кең де мағыналы ұғым. Ата-бабаларымыздың сан мың жылдар арман етіп, ту етіп биікке көтеріп, Тәуелсіздік алғанымызға отыз жылдан асып барады.
Бұл жастағылар жалындап жалын атқан, оң мен солын, ақ пен қараны айыра білетін, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, білім мен білік дағдыларын меңгерген жас жігіттің жасы…
Қазіргі таңда жас мемлекетіміз дүние жүзінде өз орны бар, алға нық қадам басқан, асқақ армандар мен ұлы мақсаттарды орындау жолында жаңашыл бағыттағы түрлі стратегияларды жүзеге асырып келе жатыр.
Түрлі ұйымдар құрылып, мектеп қабырғасынан жастардың жалынды болып өсуіне ықпал ету Егемен елдің басым бағыттарының біріне айналды.
Асылында Тәуелсіздіктің тірегі – жастар.
Білімді ұрпақ кемел келешектің кепілі. Салиқалы ұрпақ тәрбиесі – ұстаздар қолында.
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРЫ
Бүгін осындай тақырыпта педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздары шығармашылығының VIII аймақтық фестивалі өтті.
Қаламыздағы балалар өнер мектебінің базасында жалғасын тапқан фестивалға «Қаратау-2» яғни қаладағы бөбекжай балабақшалар мекемелерінің педагогтері қатысты.
Нәтижесінде бірінші орынды » Астана», екінші орынды » Мирас бөбекжай бақшалары жеңді.
Ал, үшінші орынды «Болашақ», «Айгерім», «Азияда», » Бәйтерек» бақшалары теңдей бөлісті. Ешқандай ұжым марапат, сыйсыз қалмады.
«Артылған үмітті ақтау – ұрпақ борышы» дейді қатысушылар.
Ел ертеңі осы жастардың қолында. Өскелең өрендердің өрісі кең болу үшін жасалып жатқан жағдай, бөлінетін көңіл ерекше.
Тек ұтымды қолдана біліп, біліміне сенген ұрпақтың ғана болашағы жарқын болмақ.
Ал жастары жалынды елдің алар асуы көп.
Мақсат Қазанғапов, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы