Тауда жоғалып кеткен жасөспірімдер табылды

 Сурет: ТЖМ

Полиция тауда жоғалып кеткен 16 жасар 2 жасөспірімді аман-есен тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

 

Түркістан облысы Созақ ауданының полициясына 26 маусым күні таңертең 11 бас жылқы мен 7 бас құлынын түгендеу үшін тауға шығып, қайта оралмаған екі кәмелетке толмағандар туралы хабарлама келіп түскен.

Жасөспірімдер мотоциклмен жылқыларды іздеу үшін таулы аймаққа бет алған. Олардың кеткеніне біршама уақыт болғаннан кейін, туыстары полициядан көмек сұраған.

Кәмелетке толмағандарды іздеуге аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы, құтқарушылар, 30-дан астам еріктілер, қызметтік иттер, сондай-ақ, дрондар мен тікұшақ жұмылдырылды.

Кейін белгілі болғандай, жасөспірімдер тауда адасып, 30-35 шақырым алыстап кеткен. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде полиция балаларды тікұшақтың көмегімен тауып алды.

https://turkystan.kz/article/245224-tauda-zhogalyp-ketken-zhasospirimder-tabyldy

Comments (0)
Add Comment