ТАТУЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ЖАНДАР ТҮРКІСТАНДА

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Этносаралық татулықты нығайтуға бағытталған іс- шаралар кешенін ұйымдастыру” мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде аудандағы этнос өкілдері киелі мекен Түркістан қаласына барып, тарихи орындарды саяхаттады.
Саяхаттың негізгі мақсаты- мызғымас тәуелсіз еліміздің көрікті жерлерін аралау, бірлігі жарасқан еліміздегі тарихи орындармен танысу, ынтымақ пен бірлікті насихаттау болып табылады.
Ауданның этнос өкілдері саяхат барысында Қожа
Ахмет Яссауи кесенелерінде болып, қазақ тарихи мен хандары, билері мен батырлары туралы мәлімеметтер алды.
Сонымен қатар, жақында ашылған Орта Азияда теңдесі жоқ заманауи “ Ескек есу” арнасына да саяхаттады. Тарихи тағылымды Түркістанға сапар этнос өкілдеріне өте көтеріңкі көңіл күй және есте қалатын әсер сыйлады.
Comments (0)
Add Comment