«Тасжаңғақ» майордың тағдыры

Сөз басы

«Борап тұрған от пен оқтың ортасынан аман шы­ғып, соншама тауқыметті басы­нан өткеріп, тура Жеңіс тойы­на бір күн қалғанда тосын­нан оққа ұшып, аяныш сезі­мің­ді оятып жататын майдангер-кино кейіпкерлері болады ғой. Менің тағдырым сол тектес. Ішкі істер саласында мінсіз атқарған 20 жылдан астам еңбегім зая кетті. Заңды зейнет демалысыма қазір не бәрі бір-ақ күн жетпей тұр. Бес жылдан бері әділдік іздеп келем. Иығы­ма погон ілген күннен бас­тап әділдік пен ақиқаттың қор­ғау­шысы болған менің өзіме бүгін қорғаушы керек…». Редакцияның Алматы бөлім­шесіне өз аяғымен келіп, сырын ақтарған полиция офи­­­церінің ендігі үміті кеше ғана жарияланған Президент Жол­­д­ауындағы «Ішкі істер ор­гандарын­ жаңғырту жө­ніндегі жол картасын» қа­был­дауды тапсырамын» деген нұсқауы екен. Қазақ поли­ция­сындағы басталуға да­йын «түпкілікті реформа менің жолымды ашар, осы күнге дейін басымнан кеш­кен қиянат атаулыға тос­қауыл қояр» деген оймен келіп­ті тараздық жігіт. Кеше ғана жәбір көрушіні жан-тәні­мен қорғаған, ал бүгін өзі жәбір көрушіге айналған Қуа­ныш­бек Қыдырбаевтың тағдыр жолының бұлайша тәлкекке ұшырауына не себеп?!.

Жарлыққа қиямпұрыс қарау деген осы емес пе?!

Ішкі қызметтік ауыс-түйіс­терге байланысты уа­қыт­ша резервке қойылған поли­ция майоры Қуанышбек Би­на­зарұлы Қыдырбаев ой­ла­маған жерден Жамбыл облыс­тық ІІД-нің 2013 жылғы 20 қыркүйекте шығарылған №221-ші бұйрығымен жасы­ның жетуіне байланысты деген уәжбен қызметтен боса­ты­лады. Ең қызығы, бұған дейін тек қана жақсы қыры­нан көрініп жүрген кәсіби қызметкерге ол туралы алдын ала жазбаша немесе ауыз­ша ескерту жасалмаған.

– Сорақылықтың шексіз­дігіне таңғаламын, – дейді Қуанышбек Қыдырбаев, – мәселен, құқық саласында қызмет атқаратын тәртіп сақ­шылары бола тұра біз­дің жоғары лауазымды аза­мат­тары­­мыз Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев қол қой­­ған негізгі Жарлықтың та­лап­­т­арын да білмейтін болып шықты. Елбасы бекіткен 2010 жылғы 17 тамыздағы «Қазақ­стан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шара­лары туралы» әлі күшін жой­маған №1039-ші сол Жар­лықта «Осы Жарлықтың қол­дану ая­сына түсетін адамдар үшін зей­неткерлікке шы­ғару кезінде әлеуметтік қам­­сыз­дандыруды, бар­лық жеңіл­діктер мен артық­шы­лық­тарды, ал кемінде 20 жыл қыз­мет өткерген адамдар үшін қызметін аттестациялаған лауазым­дарда өткеруді аяқтау мүм­кіндігін сақтауға» деп тайға таңба басқандай етіп жазыл­ған. Менің сонша жыл шабы­лып осы күнге дейін басым­нан өткізген барлық әуре-сар­саңның нүктесін осы Жарлықтың өзі-ақ қоюға тиісті еді. Өкінішті-ақ… Жал­пы, қызметтен не үшін боса­тыл­ғанымды осы күнге дейін түсіне де алар емеспін!».

Қ.Қыдырбаевтың айтуынша, Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің сол кезеңдегі басшылығы жо­ға­рыдағы Жарлыққа қиям­пұрыс қарап, оны жазық­сыз­дан-жазықсыз қызметтен шет­теткен. 20 жылдан астам қыз­мет жылдарындағы оның жанқиярлықпен еткен адал еңбегі, министрдің өз қо­лынан алған «Құрмет грамо­та­сы», сансыз марапаттары мен мақтау қағаздары, баға­лы сыйлықтары мүлдем еске­русіз қалған. Әрине жоғары білі­мі туралы қос дип­ломы бар – инженер-заңгер әрі өзі құқық саласының офицері мұндай жөнсіздікпен келіс­пейді. Алдымен сотқа жүгі­неді. Көп кешікпей-ақ Тараз қалалық сотының 2014 жыл­ғы 18 сәуірдегі шеші­мі об­лыстық ішкі істер де­пар­таментін Қуанышбек Қы­дыр­баевты қызметке қайта орналастырып, ол шеккен мораль­дық және материалдық шы­ғынды орнына келтіруге мәжбүрлейді. Сот шешімін «мүлтіксіз» орындаған облыс­тық ІІД басшылығы офицер Қыдырбаевты қаладағы ІІМ қарауындағы училищеге қызметке жібереді. Бірақ «жүгенсіз» офицердің өзі қызмет еткен мекемесін көпе-көрінеу сотқа беруі талайдың шамына тиіп қалса керек…

«Черняевка» шекаралық бекетінен қайтарылған мәйіт…

Сұрақ-сауал көбейіп, офицер үзіп-созып қызмет­тік әң­гі­мелердің тиегін ағыт­ты. 90-жылдары капитан Қыдырбаев Құлан (бұрынғы Луговое) ауданындағы жол полициясы бастығының қыз­метін атқарған екен. Алматы – Ташкент күре жолы аудан орталығын және бірнеше ауылды қақ ортасынан қиып өтер еді. Бірде Көкдөнен ауы­лындағы жол бойында қанды оқиға болады. Жол жиегі қан жоса, бірақ зардап шегу­ші жоқ, өлі-тірісі белгісіз. Қақ­қан көлік те дерексіз. Бұл ауыл­дың да, адамдарының да жа­йын жақсы білетін Қуаныш­бек алдымен таныс зей­нет­керлердің бірінің есігін қақ­ты. Адаспапты, жүзін аз­дап үрей билеген Мария Ва­сильев­­на нағыз куәгер болып шықты.

– Таңғы сағат төрттер ша­ма­­сында тауықтарға жем ша­шайын деп сыртқа шық­қан­мын, жол жиегінде қол көтеріп тұрған жолаушыны қызыл түсті «Икарус» авто­бусының қағып, мұрттай ұшыр­ғанын көзім­мен көр­дім. Даусым шы­ғып кете жаздады. Автобус екпіндеп әрең тоқтады. Қорадан бас шы­ғар­май, бәрін байқап тұр­дым. Автобустан асығыс түс­кен екі адам жан жағына шо­шы­на қарап, ешкім көзге түс­п­еген соң мәйітті дереу әл­де­неге орап, автобустың астыңғы жүк қойғышына салып өздерімен бірге алды да кетті. «Мария Васильевна-ау, көліктің мемлекеттік нөмірін байқап қалмадыңыз ба?» «Е,Коля, менде ес бар дейсің бе?..» деген зейнеткер тауық қораның ішінде жатқан қаңылтырды көтеріп жіберді. Айналайын апамыз қаңылтыр астындағы теп-тегіс батпаққа өзбекстандық автобустың нөмірін шыбықпен баттиып ойып тұрып жазып қойыпты… Көк жолақты «жигулиімді» қам­шылап, құйындатып қыл­мыскердің ізіне түстім. Екі ел шекарасындағы «Черняевка» шекара бекетіне жеткенде ғой, бекеттің арғы бетінде тұрған автобустағы таныс нөмір көзіме оттай басылды. Шекара. Қанша жерден жанұшырып куәлік көр­сет­кеніммен жауынгерлер мені арғы бетке өткізбеді. Қылмыскер-автобус көз алдымда оталып тұр. Қазір жүруге дайын. Уақыт – тапшы… Шекара офицеріне дауыс­тап, көзім толық жетіп тұрмаса да, «Анау қызыл «Икарустың» жүк салғы­шында адам мәйіті жатыр» дедім дауысымды көтере. Рас болып шықты. Қан­ға әбден малшынған кездемеге адам мәйіті оралыпты…

Айта берсе ондай оқиға­ның талайын бастан кешірдік. Бірде дәл сондай дабылмен оқиға орнына жеттім. Жыға танымайтын бір қарт кісі таң мезгіліндегі бұл оқиғаға жасыл «Ниваның» қатысы бар деді. Бірақ нөмірін байқай алмаған. Халықпен жұмыс істеу деген осы! Қай кезде де қол ұшын беруге әзір. Кө­лік қаққан орта жастағы әйел ауыр жарақатпен аурухана­да хал үстінде жатыр. Дереу жолға шықтым. Көрші об­лыс­тың Машат асуының үс­тін­де бала-шағасымен сапарлап бара жатқан ресей­лік көліктегі ресейлік отаға­сын тоқтаттым. Бұл мен жолай тоқтатқан 4-ші жасыл «Нива» еді. Көліктің оң жақ тұмсығындағы шытынаған шамына жұққан қан сызығына үңіле бастағанымда-ақ, орта жастағы жүргізуші селкілдеп, жыламсырап қоя берді…

Сары «жигули» мен сәмбі талдың бұтағы

Ауғанстанда интернацио­нал­дық борышын өтеген жап-жас жігіттің қорланған мәйі­тін таптық. Жап-жаңа «алты­лық» сары «жигулиі» қо­лды болған. Оқиғаның жантүр­шігерлігі – қала сыртындағы елсіз-жұртсыз құмдауыт сай­да автомобиль иесінің жү­рек тұсынан білектей сом темір­ді аяусыз қағып өл­ті­ріпті. Адам айтқысыз айуан­дық! Жедел топ дереу қыл­мыс­кер­лерді іздеп кетті. Мен жо­ғал­ған көліктің төңі­регі­нен деректер жинай бастадым. Есірткі сорасын сатып әл­де­неше рет ұсталған жесір әйел сұрастыру барысында Тараз қаласының Талас өзені аумағындағы қызғылт түсті биік қақпалы үйдің ауласында іздеудегі көлікке ұқсас «жигули» тұр деген дерек айтты. Қылмыскерлердің бас бермей, көлік ұрлығының өте бір зорайып тұрған кезі. 90-жылдардың аяғы. Зәулім үй­дің иесі беделді әрі заңсыз арақ-шарап сатумен айналысатын алпауыттың өзі екен. Та­мырын тереңге жа­йып ал­ған. Ол, әрине оңай­шы­лық­­пен қақпасынан аттат­қыз­бай­ды. «Ұрыста – тұрыс жоқ», кеш­тетіп сол үйді әртүрлі көлік­ке мі­ніп, әлденеше рет айналып өттім. Биік дуалдың сыр­тында биік сәмбі тал төгі­ліп өсіп тұр. Амалын тауып түн қараңғылығында сол сәмбі тал арқылы жоғары өрмелеп шығып, ауланың ішіне көз жүгірттім. Мен отырған иілген бұтақтың астында іздеудегі алтылық сары «жигулиден» аумайтын көлік қаңтарылып тұрды. Нөмірі шешілген. Құжаттары салонның ішінде болуы тиіс. Ең қауіптісі, екі қабаған ағылшындық бультерьерлер аула ішінде бос жүре­ді екен. Дәлелсізден дәлел­сіз «мынау ауғандық жігіттің көлігі» деп қайтіп айтарсың?! Екінші күні мұздай қарулан­ған сержант инспекторымды қоршаудың сыртына жасы­рып, сәмбі­ талға тағы өрмеле­дім. Иттер есік алдындағы жайына қайт­қанша үздігіп тосып, иілген сәмбі талдың бұтағымен төмен түстім. «Жигулидің» кішкене терезесінің ілінше­гін сымтемір өткізіп аштым. Абырой болғанда ауыл итін­дей иісшіл сақ та емес ау деймін, ұсқынсыз тұм­сы­ғынан адам қорқатын, қаба­тын болса тірідей жеп қоятын­дай екі еуропалық төбеттің «тыныс­тап» жатқан сәті тура келіп, көліктің ішінен бар құжатты алып шықтым. Же­дел топтың алдына таста­дым. Ертең Қырғызстан асқа­лы тұрған «жигулидің» жолы кесілді. Қылмыскерлер құрықталды. Қылмыс әлемінде бедел жинап үлгерген екен, үй иесі жауапкершіліктен он-сан сыл­таумен құтылып кетеді. Об­лыстың ішкі істер депар­та­ментіндегі зейнетке дайындалып жүрген аса лауазымды бір азамат Қуанышбекке кездейсоқ жолыққан сәтте әлгі «арақ сатушының» атын атап «сүттен ақ кісіні соншама күстаналағандарың не?» деп дүрсе қоя бергені де жадында. Таңғалған!..

Түйін

Қ.Қыдырбаевтың ойын­ша, сот шешімінен соң қат­ты «тістенген» облыстық де­пар­тамент басшылығы қызметке тұрған полициялық оқу орны­ның жабылатынын алдын ала білген де, ол қызметке оны әдейі жібер­ген де секілді. 2015 жыл­дың 15 қаңтарында поли­ция қызметкерін қайтадан ре­зерв­­ке қояды да, алдағы айдың, яғни, ақпанның 2-сі күні жасының ұлғаюына байланысты деген желеумен қызметтен біржолата босатады. «Жаныма бататыны, резервтегі уақытымды төрт жыл бойы созып, ол кезде 48 жас­та едім, 52-ге толғанымша ұста­ды. Осы жылдар ішінде департаменттің өзі ұсынған лауа­­зымды қызметтерге 9 рет (!) келісімімді бергеніме қа­ра­­мастан, сыныққа сылтау іздеп уақытты әдейі ұзартты. Тіпті резервте тұрған кезім­де басшылықтың маған поли­ция­ның киім үлгісін беруге дейін тыйым салғанын да ұмыт­қан жоқпын. Не үшін?..» деген Қыдырбаев бұ­д­ан кейін де берісі Тараз, ары­­сы Астанада болып, талай есіктің табалдырығын ат­таған. «Жетпей қалған бір кү­нім үшін құжаттарымды жи­нап өткізіп жастық жалын мен жігерімді жұмсаған полициямнан еңбек зейнетіне шықсам деген арманымды Президенттің кешегі халыққа жариялаған Жолдауы қанат­тандырып жіберді» дейді ма­йор Қыдырбаев. Қуанышбектің бір бейне­сі маған Голливудтің «жұл­дызы» Уолтер Брюс Уиллис сомдаған «Тасжаңғақ-1,2,3…» шытырман оқиғалы филь­мін­дегі америкалық қайсар поли­­ция қызметкерінің тұл­ға­сын көз алдыма алып кел­ге­нін де жасыра алмаспын. Қуаныш­бек – бүгінде жұ­мыссыз, зей­нет­­ақысыз жүр. Бірақ тараз­дық «тас­жаң­ғақ» майор әділдік жолын­дағы үмітін еш үзген емес. Азаматтар санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсінік ор­на­туға ширек ғасырға бе­йім күш-қуатын арнаған тәртіп сақшысының сол үміті ақ­талар, Жамбыл облыстық ішкі іс­тер департа­ментінің таяуда ғана та­ғайын­далған жаңа бас­шы­лығы тарапынан, бәлкім, оның ісі игілікті оң шешімін та­бар деген сенімдеміз.

Талғат СҮЙІНБАЙ

egemen.kz

Comments (0)
Add Comment