ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ ӨЗ АУЫЛЫНДА ТҰРАДЫ

Бүгін аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, Айшабибі, Бірлесу-Еңбек және Аса ауылында тұратын жергілікті учаскелік полиция инспекторлары жаңа баспанаға, жаңа қызмет бөлмесіне қоныс аударды.
Ел тыныштығын сақтауда күндіз-түні қырағы күзетте тұрған полиция қызметкеріне мұндай игіліктің жасалуы баршамызға ортақ жетістік, үлкен қуаныш.
Жаңа қоныстың кермесін қиюға Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Арынұлы арнайы қатысты.
Әрине, тәртіп сақшыларының ел тыныштығын сақтауда нәтижелі әрі алаңсыз әрекет етуіне жағдай жасау – аса құптарлық, ізгілікті іс.
Ерлан Қыдыралыұлы, Жамбыл ауданының әкімі
Comments (0)
Add Comment