Тарихшы мамандар жазасын өтеушілермен кездесті

19.01.2024 жылы «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы құқықтық саясат жөніндегі кеңестік жұмыс жоспарының, Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психология және теологиялық қызметтерін жетілдіру бойынша және сотталғандарға психологиялық көмек беруді күшейтудің 2022-2024 жылдарға арналған ісшаралар мен Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің 2023 жылғы №143 ҚБПҮ өкімімен бекітілген «ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған жол картасы» жоспарларын жүзеге асыру мақсатында ҚР ІІМ ҚАЖК «№25» республикалық мемлекеттік мекемесі мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен өзара меморандум жасалған болатын.

Осы Меморандум аясында «ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған жол картасы» жоспарының 9,17,19 тармақтарын іске асыру мақсатында бүгін ҚАЖД №25 мекемесінде радикалды діни бағыттағы сотталғандармен «Қазақстанға исламның келуі» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Тағылымды шараға өңірлік университеттен арнайы шақырылған Қазақстан тарихы пәнінің білікті мамандары қатысып, жазасын өтеушілерге дәріс оқыды.

Comments (0)
Add Comment