ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ТІЗІМІНЕ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІ ҚОЗҒАЛДЫ

Бүгін аудандық «Коворкинг» орталығында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен Сарысу ауданы әкімдігі жанындағы ономастика жөніндегі жұмысшы топ отырысы өтті. Жиынға жұмысшы топ мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Ауданымыздың дамуына, тарихына, мәдениетіне айрықша еңбек сіңірген азаматтарды «Тарихи тұлғалар» тізіміне енгізу» туралы аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Салтанат Жақсыпейілова баяндама жасады.
«Тарихи тұлғалар» тізіміне ұсынылған тұлғаларды мерзімінде облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылатын тұлғалардың құжаттарын рәсімдеу туралы бірқатар ұсыныс — пікірлер айтылып, мәселелер талқыланды.

Comments (0)
Add Comment