Тарихи кесенелерге тазалық жұмыстары жүргізілді

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында облысымызда «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны қарқынды жүргізілуде. Аталған акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» деген атауға ие болды. Бұл апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға бағытталған.
Соған орай шаһардың жұдырықша жұмылған белсенді жастары мен «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің қызметкерлері «Қарахан» және «Дәуітбек» кесенелерінің маңайына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауласына ағаш көшеттерін (тұт ағаштары) отырғызды.
Ауқымды науқан аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Тараз қаласы әкімдігі
Comments (0)
Add Comment