Тәрбиешісі баланы қылқындырған балабақша халал болып шықты

Өткен аптада балабақша тәрбиешісі баланың аузын жауып, қылқындырғанын жазғанбыз. Бұл оқиға Алматыда 15 жылдан бері жұмыс істеп тұрған «Ахляқ» балабақшасында орын алғаны белгілі болды. Оның қожайыны Әмина Юсупбаева қызметкерлердің жұмыстан шығарылғанын хабарлап, шығынды өтеуге уәде берді.

Юсупбаева «Ахляқ» балабақша желісін ері екеуі жолға қойғанын, қазір тәрбиешілерді іріктеуді қайта қарастырып жатқанын және қызметкерлерді қадағалау күшейтілетінін мәлімдеді.

Ал баланың әкесі SMN.kz-ке берген сұхбатында осы балабақшаға «халал» болғаны үшін ұлы мен қызын бергенін айтқан.
Барлық бейнежазбаны қарап шыққанда балабақша менеджерінің ұлын бөлмеге қамап, аяғымен мыжығанын көрген.
CMN.kz қалалық білім басқармасы 15 жылда бұл балабақшаны бірде-бір рет тексермегенін жазады.
Ал блогер деген аты бар Әмина Юсупбаева: «Әлеуметтік желіде бірдеңе айтып, жүктеп жатқандарға ең алдымен балаларға зиянымыз тиіп кетпеуін ойлайық дегім келеді»,- деп шыр-пыр болуда.

JQ-Aqparat

Тәрбиешісі баланы қылқындырған балабақша халал болып шықты

Comments (0)
Add Comment