Тараздық шаруа қожалықтары көктемгі егіс жұмыстарын бастады

Тараз қаласы аумағында өсімдік шаруашылығымен айналысатын 47 шаруа қожалығы бар. Биылғы жылға шаруа қожалықтары тарапынан 460,58 гектар жерге егін егілуде. Атап айтқанда, пияз – 135,68 гектар, жоңышқа – 151,48 гектар, қызанақ – 9,05 гектар, қияр – 2,03 гектар, қант қызылшасы – 20 гектар, жүгері – 44 гектар, құлпынай – 4 гектар, алма – 28,59 гектар және тағы да басқа өсімдіктер – 0,8 гектар және пар жерлер – 64,95 гектар.
Қант қызылшасы және жүгері егу жұмыстары сәуірдің соңында толық аяқталады. Ал қызанақты мамырдың басында егу жоспарланған.
Шаруа қожалықтары егістік алқабын суғару үшін суды Жамбыл ауданындағы 3 канал арқылы алады.
«Кіші тоған» каналынан 6 шаруа қожалығы маусымына – 2,5 миллион текше метр су және «Аса – Талас» каналынан 20 шаруа қожалығы маусымына – 26 миллион текше метр су алады. Суға деген тапшылық туындамайды.
Шаруа қожалықтарының мешігінде барлығы 17 техника бар (1 комбайн, 7 тарктор, 9 жүк көлігі және жер жырту соқасы, жер қопсытқыштар, тырмалар, шөп орғыштар, дән сепкіштер, картоп қазғыш тіркемелері). Техникалар толығымен жұмысқа жарамды.
Бүгінгі таңда «Аулиет» ШҚ пияз – 30 гектар, құлпынай – 4 гектар, алма бағы – 23,91 гектар және «Каби-2» шаруа қожалығы пияз – 40 гектар егіс жұмыстарын жүргізуде.
Comments (0)
Add Comment