Тараз қаласындағы мектептердің оқушылары мен ұстаздары, ата-аналары қала аумағын қардан тазалап жатқан «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС жұмысшыларына ыстық шай мен бауырсақ таратуда. Сондай-ақ, мектеп оқушылары жұмысшылар демалған уақытта қар күреп, қолғабыс көрсетіп жатыр.
Жақсылық пен мейірімділікті насихаттауға бағытталған «Мейірімділік» челленджін №56 орта мектептің ұжымы мен оқушылары бастап, қала мектептеріне жолдаған болатын.
Эстафетаны ары қарай жалғастырған сондай білім ұясының бірі – №41 мектеп ұжымы.
Бүгінде 25 мектептің оқушылары мен мектеп ұжымы қала аумағындағы саябақтарды, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің және жалғызбасты аналардың, қарт кісілердің ауласын, мектепке апарар жол мен мектеп ауласын қар мен мұздақтардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
«Мейірімділік» челленджі шаһарымызда әлі де жалғастыруда.
Осындай игі іске қайырымды қала тұрғындарының кез келгені атсалысуына болады.
Коммуналдық қызмет жұмысшылары қыстың аязы мен жаздың аптабына қарамай, жауын-шашынды күндері де қала тұрғындарының игілігі үшін еңбек етіп келеді. Еңбектен береке тапқан бұл азаматтардың жұмысы қашанда жоғары бағаға лайық.
Тараздық оқушылардың игілікті ісі
00:00
00:49