Тараздық әншілер түзеу мекемесінде концерт қойды

Тараз қаласының өнерпаздары Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару департаментіне бағынысты №25 мекемеде жазасын өтеуші сотталғандарға концерттік бағдарламамен келді. Концертті көруге құмартқан сотталғандар саны көп болды.

Концерттің бастама сөзінде мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бекзат Ортаев аталмыш іс-шаралардың сотталғандарды мерекелік сезімге бөлеп, оларды қайта тәрбиелеу процесінде алатын орынының ерекше екенін атап өтті.

Тараздық әншілердің түзеу мекемесінде қойған концерттік бағдарламасында халық әндерін, қазақ және шетелдік әртістердің репертуарларындағы танымал туындыларды, сонымен қатар ретро әндерді де тыңдарман назарына ұсынды.

– Өнер адамы көрермен талғамайды. Бүгінгі ерекше ықылас пен ынталы көрермендерге риза болдық. Бұлтуыстары мен жақындарынан жырақта жүрген, бас бостандығынан айырылған азаматтарға ұйымдастырылған шарамыз болды. Олардың әрқайсысы түзеліп, жанұяларымен қауышса деп тілейміз, – дейді өнерпаздар.

Comments (0)
Add Comment