ТАРАЗДАҒЫ ТІРЛІК ТИЯНАҚТЫ

Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаилдың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.
Жиынның күн тәртібіне сәйкес әуелі қала әкімдігі қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Анар Қалмаханбетова 2024 жылғы қаңтар-шілде айларындағы Тараз қаласы бюджетінің болжамды орындалуы туралы баяндады. Оның айтуы бойынша, ағымдағы жылдың 1 тамызына шаһар бюджетінің кіріс бөлігінің болжамды орындалуы 103,1 пайыз, есепті кезеңге жоспар 39 284,1 миллион теңге болса, орындалуы 40 483,1 миллион теңге немесе 1 199,1 миллион теңгеге артық орындалуы болжамдануда. Оның ішінде, өзіндік кірістер 116,6 пайыз, есепті кезеңге жоспар 22 280,9 миллион. теңге, орындалуы 25 979,7 миллион теңге немесе 3 698,8 миллион теңгеге артық орындалуы көзделуде.
Келесі кезекте қала әкімдігі тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Алтаев аумақтық округтерде коммуналдық және санитарлық тазалық мәселелері бойынша анықталған кемшіліктердің орындалуына тоқталды. Айталық, есепті мерзімде шаһардың 11 аумақтық округінен 21 мәселе ұсынылған. Олардың бүгінге дейін 10-ы толығымен орындалған.
Кеңес барысында бұдан бөлек 2024 жылғы қаңтар-маусым айларындағы Тараз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы және 7 айдың болжамды көрсеткіштері, жұмыспен қамту шаралары, Жастар күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспары, білім мекемелеріндегі жөндеу жұмыстары, т.б. мәселелер қаралды.
Жиынды қорытындылаған Қайрат Әбілханұлы әрбір мәселе бойынша тиісті тапсырмалар жүктеді.
Comments (0)
Add Comment