Тараздағы өрт: Өрттің шығу себебі анықталуда

Бүгін сағат 21:28-де «112» пультіне Тараз қаласы Сыпатай батыр көшесінде орналасқан шлакоблок шығаратын цехтің өртенгені туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына шақырудың жоғарылатылған дәрежесі бойынша Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді.
Оқиға орнына жеткен кезде өрт салдарынан көршілес орналасқан автобус автопаркі мен автопарк жанармай құю бекетіне қауіп төнгені анықталды.
Департамент қызметкерлерінің күшімен өрт жарты сағат ішінде толықтай сөндірілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Comments (0)
Add Comment