Жамбыл облыстық көпсалалы ауруханасының перинаталдық блогында үшем дүниеге келді деп хабарлады turkystan.kz.
Жалпақтөбе ауылында тұратын о тбасы тірегі – Әлинұр Абдуллаев супервайзер, анасы – Умида Аширова зертханашы болып жұмыс істейді. Олар бұған дейін екі қыз тәрбиелеп келген: 2015 жылы туған Айлану және 2018 жылы дүниеге келген Амелия.
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жүктілік отбасы үшін тосын сый болды, үшінші рет көтерген жас әйел бірден үшем босанған.
«Үшем қыздар мерзімінен бұрын, жүктіліктің 35 аптасында дүниеге келді. Нәрестелердің туу салмағы 1980, 2120 және 2020 грамм болды. Оларға әдемі есімдер берілді: Айлин, Әлия және Элиф. Шала туылған нәрестелер одан әрі тексеру және күтім жасау үшін неонатология бөліміне ауыстырылды. Қазір қыздардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, оларға арнайы күтім жасалуда», – деп жазды ведомстводан.
Қазір балалар анасымен бірге.
https://turkystan.kz/article/201345-tarazda-ushem-duniege-keldi/