Таразда жарықтандыру бағаналары жаңартылуда

Таразда  ұзындығы 5 шақырымды құрайтын көше бойына 205 бағана мен жарықшам орнатылған.  Көше шамдары толық жаңартылса, электр энергиясы екі есеге үнемделеді.  Бұл жұмыстарға  жергілікті бюджеттен 70 млн тг. бөлініп, қазір Төле би даңғылы мен Сыпатай көшесіне дейінгі аралық жөнделіп жатыр.

1985 жылғы ескі бағаналар жаңасына ауыстырылып,  электр сымдары  жер асты арқылы жүргізілді.  Ара қашықтығы  50 метрды құрайтын бағаналардағы жарықтың сәулесі 25 метрге дейін жетеді. Құрылыс  жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Бұдан өзге шаһарда 28 көше қайта жарықтандырылмақ.  Егер тындырымды тірліктер толығымен аяқталса, қала көшелерінің көркіне сән қосылары анық.

taraztv.kz

Comments (0)
Add Comment