Таразда «Zerbulaq»-тан басқа 18 бассейн бар

Жуырда Тараз қаласында «Zerbulaq» мәдени-сауықтыру демалыс аймағы ашылды.
Жалпы ауқымды жоба өңір туризімін дамыту бағдарламасы шеңберінде қолға алынған. Құны 1,2 миллиард теңгені құрайтын демалыс аймағы 1,9 гектар аумақты алып жатыр.
Сыйымдылығы бір мезетте 4000 адамды қамтуға қауқарлы.«South Holiday» ЖШС-нің басшысы Айбек Оршубековтің айтуынша, Орталық Азиядағы ірі аквапарктердің бірі саналатын бұл кешенде алдағы уақытта бес жұлдызды қонақ үй, ойын-сауық және өзге де сервистік орталықтар іске қосылмақ.
– Бұл құрылыстың бірінші кезеңі ғана. Қазірдің өзінде кешенде төрт бассейін, түрлі әткеншектер, биіктен сырғитын сырғыма сияқты орындар жұмыс жасап тұр. Қондырғының барлығы Түрік елінен әкелінген. Қауіпсіздігі өте жоғары. Бассейндегі су халықаралық стандартқа сай келеді. Әрбір екі сағат сайын ауыстырылып тұрады. Енді екінші және үшінші кезеңде сервистік кластерімізді дамытамыз. Бес жұлдызды қонақ үйлер мен түрлі тынығу орындары келушілерге қызмет көрсететін болады, — дейді «South Holiday» ЖШС басшысы Айбек Оршубеков.
Бүгінгі таңда кешенде демалу құны ересектерге 5 мың, балаларға 4 мың теңге болып белгіленген. Алайда бұл бағаны қымбатсынғандар бар.
Дегенмен, «Зербұлақ» демалыс аймағынан бөлек, кез келген халыққа қолайлы Тараз қаласында 18 бассейн халыққа қызмет көрсетіп отыр. Бұл жайында қала әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі хабарлады. Мамандардың сөзіне сүйенсек, барлық басссейн кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебінен ашылған. Оларға кіру билеттерінің орташа құны – 3000 теңге. Яғни, қала тұрғындарына «Зербұлақ» демалыс аймағынан басқа да бассейндер қала тұрғындарына қызмет көрсетуге дайын.
Айта кетейік, бәсекелестік орта болғандықтан жекеменшік демалыс орындарындағы билеттердің құны заң аясында реттелмейді.

 Тараз қаласының әкімдігі

Comments (0)
Add Comment