Таразда этносаралық ахуал тұрақты

Тараз қаласының прокуратурасында өңірдегі этносаралық келісім мәселелеріне арналған кездесу өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, 13 этномәдени бірлестіктің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ірі сауда үйлері мен орындарының басшылары қатысты.

Кездесу барысында 2024 жылға арналған этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі ведомствоаралық кешенді жоспар жұмысының қорытындысы шығарылды.

Осы жоспар аясында халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған көптеген іс-шаралар өткізілді.

Атап айтқанда, Тараз қаласында білім беру және мәдени іс-шараларды, сондай-ақ іске асырылған әлеуметтік жобаларды қоса алғанда, 15 мыңнан астам адамды қамтыған 55 іс-шара өтті.

Прокуратура органдары туындаған мәселелерді шешу бойынша 100-ден астам өтінішті қарап, барлық аудандар мен диалог алаңдарына баруды ұйымдастырды.

Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров бүгінгі таңда облыста 87-ден астам этностың өкілдері тұратынын, олардың әрқайсысы қоғамның дамуына және ұлтаралық келісімге өз үлесін қосатынын, бұл мемлекеттің міндеті ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.

Этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері мәдени мұраны сақтауға, халықтар арасындағы достықты нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шаралар мен жобаларды ұйымдастыруға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Іс-шара қорытындысымен этнос өкілдері этносаралық келісімді нығайтудағы белсенді жұмысы үшін облыс прокурорының алғыс хаттарымен марапатталды.

Жамбыл облысының прокуратурасы

Comments (0)
Add Comment