ҚАЖ қызметкерлеріне короновирусқа қарсы екпе салу жұмыстары ширап келеді. Өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің қызметкерлері вирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін салдырды.
Мекеме бастығы әділет полковнигі Бауыржан Сауранбаев екпені салдырған соң ешқандай жанама әсері болғанмағанын, індетті жеңу үшін әрбір қазақстандық вакцина алу керектігін айтты.
— Денсаулықтың қадірін білген жан ең алдымен өзінің қауіпсіздігін, одан кейін отбасының, әріптестерінінің қауіпсіздігін ойлаған жөн. Әлемдік деңгейдегі сала мамандары екпенің қауіпті еместігін, керісінше вирустан қорғанудың ең дұрыс жолы екенін айтуда. Сондықтан, қорқынышқа бой алдырмай, вакцина салдырған дұрыс деп ойлаймын. Біздің мекеме қызметкерлері мамандарға сеніп, вакцинаны дер кезінде салдырды, — деді Б.Сауранбаев.
Нұржан Кутумбетов,
ЖД-158/1 мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет капитаны