Таразда судың бағасы қымбаттады

«Тараз Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны сумен қамтамасыз ету құнын 8,6 пайызға арттырды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Зарина Ботбаева айтты.

Сонымен қатар, халыққа арналған тариф еліміздің өзге 9 аймағында өскен (ҚҚС-сыз). Атап айтқанда, Қызылорда облысы, «Қызылорда су жүйесі» КМ (өсім 1,09%); Ақмола облысы, «Көкшетау су арнасы» МКК (өсім 1,25 %); Ақтөбе облысы, «Ақбұлақ» (өсім 2,96%); Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Семей су арнасы» МКК (өсім 4,98%); Қарағанды облысы (Жезқазған қ.), «Жылумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ (өсім 5,51%); Павлодар облысы, «Павлодар су арнасы» ЖШС (өсім 6,0%); Солтүстік Қазақстан облысы, «Қызылжар су» ЖШС (өсім 8,5%); Қостанай облысы, «Қостанай су» МКК (өсім 13,34%). Шымкент қаласы, «Водные ресурсы маркетинг» ЖШС (өсім 12,00%).

Ал, қалған аймақтарда сумен қамтамасыз ету тарифтері төмендегені байқалған.

«Сумен жабдықтау бойынша 2015 жылы бекітілген тарифтердің шекті деңгейлері аясында 2018 жылы халыққа арналған тарифтер 4 өңірде өзгеріссіз қалды: Астана және Алматы қалалары, Қарағанды (Қарағанды қаласы 98,45 теңге/м3) мен Маңғыстау облыстары. Бұдан бөлек, 3 өңірде  тарифтер төмендетілді. Бұл тұрғыда Алматы облысында («Жетісу су арнасы» МКК 61,32 теңге/м3-ден  60,41 теңге/м3 дейін, өсім  1,48%), Атырау облысында  («Атырау су арнасы» МКК 101,33 теңге/м3-ден 97,5 теңгеге/м3 дейін, өсім 3,78%), сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында («Батыс су арнасы» МКК42,65 теңге/м3-ден  41,98 теңге/м3  дейін, өсім 1,57%) тарифтер азайды»,- деді З. Ботбаева.

Дегенмен, бұл жайт аймақтағы жылыту маусымын ашуға еш кедергі болмайтынын айтады мамандар.

– Бүгінгі күнге облыс бойынша жылумен қамту көздеріне, бюджеттік нысандардың және көпқабатты тұрғын үйлердің 3250 нысанның барлығы қосылған, яғни 100%. Олардың ішінде, білім беру 794 нысаны немесе 100%, денсаулық сақтау 406 немесе 100%, әлеуметтік нысандары немесе 100% және облыс бойынша 1497 көп қабатты тұрғын үй жылуға қосылған.

Тараз қаласы бойынша (Тараз қаласы әкімінің 09.10.2017 жылғы №86-Ө өкіміне сәйкес) жылыту маусымы 10 қазаннан басталды, ал Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында жылыту маусымы аудан әкімдерінің өкімдеріне сәйкес 15 қазаннан басталды.

Тиісті құқықтық нормативтік құжаттарға және құрылыс нормасына сәйкес өңіріміздегі мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандарда жылыту маусымының ұзақтығы 164 күнді құрайды. Ал емханаларда, медициналық мекемелерде, интернаттарда, мектепке дейінгі мекемелерде 180 күнге дейін  жалғасады, – дейді облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаев.

inform.kz

Comments (0)
Add Comment