Елімізде тамыз айының әр үшінші аптасында дене шынықтыру саласы мамандарының кәсіби мерекесі – спорт күні аталып өтіледі.
Жыл сайынғы дәстүрге айналған мерекеге Тараздағы 600-ге жуық спорт қызметкерлері қатысып, бақтарын сынады. Спартакиадада 32 команда 7 спорт түрінен сынға түсті. Жарысқа қатысушылар кәсіби мерекелерін спорттық ойындармен атап өту арадағы достық қатынастың нығаюына септігін тигізетіндігін айтады. Жалпы командалық есеп бойынша I орын №2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне, II орын №4 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне, ал III орын Аса ауылындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне бұйырды. Жарыс соңында жүлдегерлерге арнайы дипломдар тапсырылып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Серік Ниязов, грек-рим күресінен КСРО спорт шебері:
– Мекемелер арасында, соның ішінде спорт мектептері арасындағы облыстық спартакиадаға біз Жаңатас қаласынан биыл төртінші жыл келіп жатырмыз, Қазір өте белсенді жақсы командалар жинақталған. Бұл, әрине, біздің ары қарайғы спорт күнімізді мерекелеумен жаңа оқу жылына да жақсы бір қарқынменен осындай спорт үйірмесіне біз келіп қатысып жатырмыз.