Таразда жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үш көлікті соқты, деп хабарлайды 08info.kz El.kz ақпарат агенттігі салған ақпаратқа сүйеніп…
Оқиға бүгін, 5 наурызда болған. Полиция хабарлауынша, Абай даңғылынан Фурманов көшесі бағытына кетіп бара жатқан жолаушылар тасымалдайтын автобус жүргізушісі бір бағытта келе жатқан «Nissan 350Z», «Kia Rio» маркалы автокөліктерін соғып өтіп, мектептің автотұрағында тұрған «Toyota Highlander» көлігін соққан.
Автотұрақта тұрған көлік жүргізушісі мен қоғамдық көліктің үш жолаушысы зардап шекті. Қаза тапқандар мен ауыр жарақат алғандар жоқ.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.