Таразда «Өлкетану. Жамбыл облысы» оқулығы таныстырылды

Таразда 5, 6 және 7-cыныптарға арналған «Өлкетану.Жамбыл облысы» оқулығының таныстырылымы өтті.

Кітапты құрастыруға ғалымдар, өлкетанушылар, жазушылар, қоғам қайраткерлері мен мұғалімдер атсалысқан. 171 беттік білім бұлағында, тарих, музыка, қазақ тілі және география пәндерін толықтыратын тақырыптар қамтылған. Жаңа кітап Білім министрлігінің мемлекеттік сараптамасынан өтіп, қазір алғашқы 20 мың данасы баспаға жіберілді.

— Кітаптың ерекшелігі өз өлкесін терең тану. 5-сыныптарға жалпы өлкетанудың тарихы туралы терең мәліметтер беретін болса, 6-сыныптарға осы өлкедегі шыққан ұлы тұлғалар туралы, 7-сыныптағы оқушыларға жалпы Тараз өңірінің, Жамбыл өңірінің мәдениеті туралы толық ақпарат беріледі, – дейді «Дарын» мектеп-интернатының мұғалімі Базарбай Дүйсенбаев.

24.kz

Comments (0)
Add Comment